Ақпан айында еліміздегі тұрғын үй бағасы өсті
Ақпан айында Қазақстанда тұрғын үй бағасы өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
– 2021 жылғы қаңтарымен салыстырғанда ақпан айында абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары 3,1%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 1,2%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,6%-ға жоғарылады, – делінген хабарламада.
Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруіне тоқталсақ, 2021 жылғы ақпанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары өткен жылдың осы айына қарағанда 8%-ға өскен. Абаттандырылған тұрғын үйлерді сатып алу бағалары 20,3%-ға көтерілсе, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 10,7%-ға артқан.