Қарақшылар 50 адамды ұрлап кетті
Нигерияның батысында бандалар 50 жолаушыны ұрлап кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат нигериялық Arise телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Телеарнаның хабарлауынша, қарулы топ 2 наурыз күні Нигер штатында Тегина мен Минна қалаларын байланыстыратын жолды жауып тастаған. Бұзақылар бірнеше көлікті тоқтатып, 50-ге жуық жолаушыны өздерімен бірге алып кеткен. Билік өкілдері ұрылармен байланысқа шығу үшін тергеу жүргізіп жатыр.