Экономикалық тергеу департаментінде – жаңа басшы

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығымен Қайрат Бижанов Атырау облыстық экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Қайрат Бижанов 1969 жылы Қостанай облысында туған. Құқық қорғау органдарындағы – қаржы полициясы мен прокуратурадағы еңбек өтілі 21 жылдан асады. Оның ішінде 16 жылдан бері басшылық лауазымда жұмыс істеп келеді.