Оқушылар мектепке өздеріне ыңғайлы киіммен бара алады
Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Орта және жоғары білім беруге қатысты маңызды сұрақтар туралы брифингіде Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.
– Оқушылардың жас ерекшеліктері, физиологиялық, психикалық дамуы ескеріліп, ата-аналар балаларына жеке гигиена, санитарлық талаптарды сақтау бойынша үнемі айтып отыруы керек. Оқу жылының басында толық оқу жылы бойы мектеп формасын сақтамау туралы шешім қабылданған. Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ. Оқушылар өздеріне ыңғайлы, таза, ұқыпты киіммен баруларына болады, – деді ол.