Өңірде КВИ жұқтырғандар саны азаюда
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде кеше 14 адам қауіпті дертке шалдыққан. Оның үшеуі Атырау қаласынан болса, тоғызы Теңіз кеніші және екеуі Индер ауданында анықталған. Инфекциясын жұқтырған 6 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ кеше, коронавирус инфекциясынан 13 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 140 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда
62, аудандардағы инфекциялық стационарларда 16, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 238 науқас ем қабылдауда.
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне бойынша Атырау облысы – «жасыл» аймақта.