«Мәулімберген» мешіті кеңейтілді
Бұған дейін сыйымдылығы 70 орындық болған мешіт екі бірдей салынған жалғама құрылыс нәтижесінде 300 орынға дейін кеңейтілді. Бұл туралы орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үш жыл бойына жалғасқан мешіттегі жалғама ғимараттар құрылысы аяқталды. Осылайша мешіт жанынан жапсарлас мəжіліс, дəрісхана, кітапхана, Құран оқитын бөлме жəне қайырымдылық бөлмелері жасалды.
– Сонымен қатар, құлшылық жасауға келетіндер үшін ерлер мен әйелдер және мешіт қызметкерлері дəретханасы іске қосылды.
Асхана қайта жөнделді. Мешітімізге түгелге дерлік жылы еден төселді. Және мешіт ауласында тыста намаз оқитын орын жасалды. Бүгінгі таңда мешітімізде 300 ден астам жамағат еркін құлшылық жасай алады, – дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан мешіт енді қызметтік баспана мәселесін шешуді жоспарлап отыр.