Қиғаштың мұзын жарды
Қиғаш өзені Атыраудың Ресейдегі Астрахан өңірімен шектесетін Құрманғазы ауданында орналасқан.
Құрманғазы аудандық әкімдігінің мәліметінше, ауа райының жылынуына байланысты өзендегі мұзды жаруға тура келген. Өйткені мұз үстінен балық аулауға шыққан балықшыларға қауіп төнген. Осыған орай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары оқыс оқиғаның алдын алу үшін мұзды жаруға шешім қабылдады.
Қиғаштағы мұзды жару үшін «Бодрый» мұзжарғышы өзенге түсірілді.
Мамандардың айтуынша, бұрын бұл өзенде ақпанда мұз жарылмаған. Дегенмен, синоптиктер Атырау облысында ауа райы әлі де суытуы мүмкін екенін ескертіп отыр.