Әлем - 08.02.2021

АҚШ-та өлім жазасы жойылу мүмкін

АҚШ президенті Джо Байден өлім жазасын федерал деңгейде жоюға ниеттеніп отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz The Star-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Және бұл жөнінде бірнеше БАҚ жазды.

Басылымның мәліметінше, Байден АҚШ Әділет министрлігіне жаңа жазаларды жоспарлауды тоқтатуды тапсырған. Джо Байден өлім жазасына ашық түрде қарсы шыққан алғашқы президент екені айтылған.

Алайда Ақ үйдің баспасөз хатшысы Дженнифер Псаки Байденнің өлім жазасына қатысты жоспары туралы сұрақтарға жауап берген жоқ.

Байден өзінің сайлау науқаны кезінде федерал деңгейде өлім жазасын жоюға уәде берген. Ол федералды деңгейде өлім жазасын алып тастау туралы заң қабылдауға және штаттарды федерал үкіметтің үлгісімен жүруге шақыруға уәде еткен.