Армениялық көліктерді наурызға дейін тіркеу қажет
Армениядан әкелінген автокөліктерді 2021 жылдың 1 наурызына дейін тіркеу қажет.
Армения Республикасының уәкілетті органдарында біздің елдің азаматтарына тіркелген және 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген басқару органдары сол жақта орналасқан көлік құралдары бойынша 2021 жылғы 1 наурызға дейін тіркеу жұмыстары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Атырау қаласында «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ филиалының сынақ зертханасы Атырау қаласы, З. Қабдолов көшесі, 56 мекенжайы бойынша өз жұмысын істеуде.
Айта кетсек, Атырау облысына басқару органдары оң жақтан сол жаққа қайта жабдықталған 1 320 автокөліктің конструкциясының қауіпсіздігін тексеру хаттамасын ұсынумен 708 автокөлік құралы тіркелді.
Қазақстан Республикасы Үкіметтің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі №553 қаулысына сәйкес 2021 жылғы 1 наурызға дейін Армения Республикасынан әкелінген автокөлік құралдары тіркелмеген жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде ескертіледі.