Жыл басталысымен жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне 8 млн.-нан астам залал келтірілген
Қазақстанда жыл басынан бері браконьерлердің кесірінен жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне 8 миллион теңгеден астам зиян келтірілген.
Жыл басынан бері ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті браконьерлік фактілерді ауыздықтау мақсатында 50-ден астам рейд жүргізді. Нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 73 фактісі анықталды.
52 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 17 материал сот органдарына жолданды. Сондай-ақ, облыстық аумақтық инспекциялардың материалдары бойынша құқық қорғау органдары 4 қылмыстық іс қозғады.
Сонымен қатар, табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылардан сот шешіміне дейін 9 қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдары, бір атыс қаруы және 1 655,4 келі заңсыз ауланған балық тәркіленген. Құқықбұзушыларға 611,6 мың теңге сомасында айыппұл салынды. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне келтірілген алдын ала залал 8 млн. 642 мың теңге.
Көрсетілген кезеңде инспекторлар облыстың балық шаруашылығы су айдындарынан 5 км. астам қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдарын (моножіптен және моноталшықтардан жасалған торларды) тапты және оны су айдынынан алып тастады.
Сондай-ақ, қысқы кезеңде балықтың қырылуының алдын алу мақсатында тұрақты негізде тұманға қарсы іс-шаралар жүргізіледі. Бүгінгі таңда 265 шұңқыр, 43 жолақ кесіліп, 250 қамыс шоғыры орнатылды және аталған жұмыстарға 18 бірлік техника мен 58 адам жұмылдырылды.