Қызмет көрсететін орындарға қазақстандықтар QR-кодпен ғана кіре алады

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша деректерді бақылау және талдау мақсатында «Ashyq» қосымшасын әзірледі.

– ҚР ЦДИАӨМ, ҚР ДСМ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, карантин шаралары кезеңінде қызметі шектелген (spa-орталықтар, фитнес орталықтар, кинотеатрлар) бизнес өкілдері арасында пилоттық жобасын жүргізіп жатыр. Енді, осы орындарға бару үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, кіреберісте көрсету қажет. Бағдарлама өз кезегінде қызыл, сары, көк және жасыл мәртебелерге бөлінетін тәуекел дәрежесін көрсетеді, – делінген министрлік ақпаратында.

Қызыл мәртебе қозғалысты шектеуді, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулаудың қатаң режимін сақтауды білдіреді.

Сары – қозғалысты ішінара шектеу – пайдаланушы ПТР деректер қорында байланыста болған ретінде көрсетілген: пациент үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспайтын азық-түлік және шаруашылық дүкендерге, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі.

Көк – ПТР міндетті болатын орындардан басқа (мысалы, әуежайда) қозғалысқа ешқандай шектеулер жоқ.

Жасыл мәртебе қозғалыста ешқандай шектеулер жоқ екенін білдіреді. Бұл пайдаланушы деректер қорында COVID-19 теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген.

Бұл мәртебелерді көрсету бизнеске өз қызметін жалғастыруға және келушілерге қауіп төндірмеуге мүмкіндік береді. Келушілерде смартфон болмаған жағдайда қосымшада үй-жайға кіруді бақылайтын қызметкерлерге арналған функция бар. Олар келушінің мәртебесін ЖСН немесе жеке куәлікте орналасқан штрих-кодты сканерлеу арқылы тексере алады.

Өткізілген пилоттық жоба қоғамдық орындарға (СОО, дүкендер, мейрамханалар, дәмханалар, вокзалдар, әуежайлар) кіру үшін Қазақстан Республикасының барлық аумағы бойынша «Ashyq» мобильді қосымшасын таралымын көбейту мерзімін одан әрі анықтауға мүмкіндік береді.

«Ashyq» мобильді қосымшасы App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді.