ҰҚК Атырауда арнайы операция өткізді
ҰҚК Атырау облысында арнайы операция өткізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.
– Атырау облысында 13 қаңтарда өсімдік тектес есірткі құралдарын жеткізу жолын ұйымдастыруға қатысы бар бір топ адам ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Атырау мамандандырылған тергеу соты ұсталған адамдарға «қамауға алу» бұлтартпау шарасын санкциялады, – делінген ведомство хабарламасында.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған тұлғалар деструктивті діни ағымның қолдаушылары. Тергеу шаралары жалғасуда.