Бірнеше мәрте ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Атырау облыстық ПД-ның хабарлауынша, 4–15 қаңтар күндері Атырау қаласы Қ.Сәтбаев көшесінде орналасқан фитнес орталығына келуші бес азамат, киіну бөлмесінде тұрған қомақты ақшаларының жоғалғаны жөнінде арызданған.
Келтірілген залал – 159 000 теңге.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері орталықтағы жаттығушылардың ақшаларын қолды қылған 31 жастағы әйелді анықтап, ұстады.
Аталған ұрлық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бірінші және 3-бөлігі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.