Экология департаменті мен облыстық сот Меморандумға қол қойды
Кеше Атырау облысы бойынша экология департаменті мен Атырау облыстық сотының арасында екеуара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Атырау облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ынтымақтастық 2 қаңтар күні мемлекет басшысы қол қойған жаңа Экологиялық Кодекс аясында жасалып отыр.
Кодекс қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдылықты нығайтуды, халықаралық тәжірибе мен елдің техникалық және экономикалық мүмкіндіктері негізінде экологиялық реттеудің прогрессивті тетіктерін енгізуді көздейді.
Меморандум аясында екі мемлекеттік орган экологиялық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, оның экологиялық дамуын қорғау, сондай-ақ, экологияға қатысты материалдарды жариялауға міндеттелді. Сонымен қатар, осы мәселерде өзара ынтымақтастыққа қол жеткізуді мақсат етеді.