Баланың жүрген жерін анықтайтын жүйе іске қосылмақ
Қазақстанда баланың тұрған орнын анықтауға мүмкіндік беретін «Тап мені» жүйесі іске қосылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз хабарладыю
– Биыл министрлік тарапынан жүзеге асырылатын жобаларға тоқталып өтсем. Бұл – баланың жүрген жерін анықауға мүмкіндік беретін «Тап мені» балалардың қауіпсіздік жүйесі. Ол – Bluetooth желісінде жұмыс істейтін трекерлерді мониторингілейтін мобильді қосымша. Қосымша ата-аналардың смартфонына орнатылады. Ал трекерді баланың киіміне немесе мектеп сөмкесіне жапсырып қоюға болады, – деді ол ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.
Нұрділдә Ораздың атап өтуінше, баламен байланыс жоғалған жағдайда ата-аналары қосымшаның трекер шамшырағын іздеу режимін қосады.
– Сонымен қатар, жүйе Жедел басқару орталығымен ықпалдастырылған. Демек баланы іздеу туралы дабыл автоматты түрде полицияға да түседі, – деді ол.