Бопсалаумен айналысқан шетелдік құрықталды
Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 51 жастағы әйел адам полицияға өзге әйелдің қорқытып 50 000 теңге талап еткендігі жөнінде арызданған.
32 жастағы Өзбекстан азаматшасы ғаламтор желісіне жәбірленушінің интимдік сипаттағы бейнежазбаларын жүктеймін деп бопсалаған.
Күдікті азаматша 19 қаңтар күні Атырау қаласы, С.Датов көшесіндегі банк филиалы ішінде орналасқан терминалдан талап еткен ақшасын көзінше өзінің есеп шотына салдыртқан. Полиция күдіктіні сол жерде құрықтады.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 194-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.