Атырауда кеше 82 адамнан КВИ анықталды
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте өңірде 82 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталған.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 16-сы Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 58 жұмысшы, Қызылқоға мен Индерден – 1, Құрманғазы мен Жылыой ауданынан 3 адамнан тіркелген.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған 12 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше аталған дерттен облыс бойынша 92 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 149 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда 101
науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда – 39, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 821 адам оқшауланып ем қабылдауда.
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы әлі де «қызыл аймақта».