Балаларының көзінше ішімдік ішкен әйел жауапкершілікке тартылды
16 қаңтар күні Атырау қаласы Полиция басқармасының №2 полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторларымен «Жайсыз отбасы» есебінде тұрған отбасылар тексерілді.
Тексеріс барысында Вокзал маңы ықшамауданында орналасқан үйлердің бірінде тұратын 37 жастағы азаматшаның балаларының көзінше алкогольдік ішімдік ішіп, олардың тәрбиесімен айналыспағандығы анықталды.
Аталған азаматша Полиция басқармасының «Жайсыз отбасы» есебінде 2012 жылдан бері тұрады. Бұл отбасында 12 және 16 жастағы кәмелет жасқа толмаған балалар тәрбиеленуде.
Осы уақытқа дейін 37 жастағы әйел дәл осындай әкімшілік құқықбұзушылықты бірнеше рет жасап, түзелу жолына түспеген. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжат шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Сондай-ақ, ювеналды полиция тобының инспекторларымен Атырау облысы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына аталған азаматшаны ата-ана құқығынан шектеу үшін іс-құжаттар жинақталуда.
Айта кетейік, күніне 102 операторына 20-ға жуық жанұялы жанжал туралы хабарламалар түседі. Аталған хабарламаларды тексеру кезінде, бала тәрбиесімен айналыспайтын отбасылар анықталған жағдайда, полиция қызметкерлерімен есепке алынып, бақылауға қойылады.
Қазіргі уақытта, Атырау қаласы Полиция басқармасының «Жайсыз отбасы» есебінде 90 отбасы және олардың 190 кәмелетке толмаған балалары бар. Олар үнемі Атырау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлерінің бақылауында.
Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.