Ксенон, лэд жарық шамдарын кондырған 74 жүргізуші ұсталды

Қала аумағында жолда жүру ережесін бұзушылар арасында алдыңғы жарық беру аспаптарына ксенон, лэд қондырған автокөліктер анықталуда.
– Мұндай жарық шамдарын қондырған көлік жүргізушілері жолдың қарсы бағытында қозғалыста жүретін жүргізушілердің көздеріне шағылысып, жол қозғалысы қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді, – деді Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаев.

Осы бағытта жыл басталғалы сыртқы жарық беру аспаптарының деректері көлік құралының конструкция талаптарына сәйкес келмейтін автокөліктер, яғни ксенон, лэд қондырған 74 жүргізуші анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлімімен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Олардың әрқайсысына 14 585 теңге көлемінде айыппұлдар салынды.

Мысалы, 17 қаңтар күні сағат 20:10 шамасында Азаттық көшесі 20 үйдің тұсында «Ваз 2110» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде жүргізушісі 32 жастағы азаматтың көлік құралын ксенон жарығымен басқарғаны анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталып, 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Еске сала кетсек, өткен жылы көліктеріне лед, ксенон шарық шамдарын қондырған 400 ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді.
Патрульдік полиция қызметкерлерінің бұл бағыттағы жұмыстары жалғасуда.