Кеше Атырауда КВИ-дан 135 адам емделіп шықты
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта 248 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 97 науқас, аудандардағы инфекциялық стационарларда 34 адам ем қабылдауда.
Ал Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында қауіпті дерт жұқтырған 732 адам оқшауланып, дәрігер бақылауында.
Сондай-ақ, өңірде өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 1-еуі Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 72 жұмысшы, Жылыой ауданынан 5 адам тіркелген.
Олардың 10-ында ауру симптомды түрде өтуде.
Айта кетсек, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы әлі де «қызыл аймақта».