Үй жануарларына жарық шағылыстырғыш ленталар таратылуда
Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың нұсқауына сай, өңірде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүргізілуде.
Солардың бірі республикалық маңызы бар тасжолдарда малмен болатын жол апаттарының алдын алу.
Талдау көрсеткендей, үй малдарының қатысуымен орын алған ЖКО-ның көпшілігі тәуліктің қараңғы уақытында бооған.
Сол себепті, өңірде мал иелеріне
жарық шағылыстырғыш таспа-ленталар мен спрейлер таратылуда.
Көлік жүргізушісінің дер кезінде жол апатынан сақтануына малға тағылған жарық шағылыстырғыштың көмегі көп.
2021 жылғы 15 қаңтарда осындай жабдықтар Атырау – Доссор – Құлсары – Бейнеу республикалық маңыздағы автокөлік жолының Жылыой ауданы тұсындағы, автокөлік жолына жақын орналасқан және үй жануарларының жолға шығу қауіпі бар деген 4 шаруа қожалығы иелеріне табыс етілді.
Кездесу Атырау ОПД Әкімшілік полиция басқармасы, «Қазавтожол» АҚ Атырау облыстық филиалы, «NCOC» ЖШС және Жылой ауданы әкімі аппаратының дербес бөлімдерінің қатысуымен өтті.
Айта кетсек, 2019 жылы облыс аумағында үй жануарларының қатысуымен болған 5 жол көлік оқиғасынан 4 адам қаза тауып, 5 адам түрлі дене жарақатын алған.
Ал 2020 жылы осындай екі ЖКО тіркелді, онда бір адам қаза тапты, тағы бір адам жарақат алды.