Көктемде 9 көпқабатты үй пайдалануға берілмек
Көктемде Береке ықшамауданынан 9 көпқабатты үй пайдалануға беріліп, 648 отбасы пәтерлі болады деп жоспарлануда. Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мерей Жантөреев мәлімдеген.
Биыл пайдалануға берілетін тұрғын үйлер Атырау қаласы Береке ықшамауданынан. Жалпы алаңы – 47 530 шаршы метр.
– Қазіргі уақытта Атырау облысы Құрылыс басқармасы мен «Запад строй ЕРС» ЖШС арасында 9 әлеуметтік тұрғын үй мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асуда. Бүгінгі күні экономика және қаржы басқармасынан және басқа да тиісті мекемелерден келісімдер мен қортындылар алынды, – деді Мерей Жантөреев.
Айта кету керек, келісім-шартқа сәйкес «Запад строй ЕРС» ЖШС 9 көпқабатты үйді биыл маусым айына дейін толық аяқтап, қаланы теңгеріміне беруге және аталған үйлерді 5 жыл мерзімге өз деңгейінде ұстап, қызмет көрсетуге міндеттеме қабылдайды.