COVID-19: +71; -66
Атырау облысында өткен тәулікте 71 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталған. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 15-і Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 46 жұмысшы, Жылыойдан – 3, Құрманғазы ауданынан 7 адам тіркелген.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған 8 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 66 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 310 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда 102 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда – 39, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 718 адам ем қабылдауда.
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «қызыл аймақта» тұр.