Қиын есептің жауабын тапқанға 600 теңге беріледі
Белгілі математик, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Асқар Жұмаділдаев өзі жасырған есептің жауабын тапқандарға 1 400 доллар (бүгінгі бағаммен – шамамен 590 мың теңге) береді.
Бұл туралы ол «Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Tańsholpan» бағдарламасында айтты.
Академиктің есебі – х!+1=у2. Айтуынша, бұл теңдеуді елу жасқа толғанда жасырған. Ол кезде сыйақы құны 100 доллар еді.
– Бұл есепті мен 50 жасымда бергенмін. х!+1=у2 деген есеп. Қазір оның бағасы 1400 доллар болды. Жыл сайын 100 долларға көбейеді. Мен өлгенше 100 долларға өсіп тұрады, – деді 64 жастағы профессор.
Бұл өте қиын есеп, оны шығару мүмкін емес, деп жалғастырды математик.
– Мен өзім де шығара алмаймын. Шығара алмайтын есептер көп қой, – дейді Жұмаділдаев.
Асқар Жұмаділдаев 1956 жылы 25 ақпанда Қызылорда облысында туған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.
Соңғы жылдары академик жастардың математикаға ынта-ықыласын ояту үшін байқау ұйымдастырып жүр. Есепті шығарғандарға сыйақы беріледі.