Армения басшысы Covid-19 жұқтырды
Армения президенті Армен Саркисянға Лондондағы операциядан кейін коронавирус диагнозы қойылды. РИА Новостидің хабардауынша, бұл туралы ел президентінің әкімшілігі мәлімдеген.
– Президент өзінің демалысы кезінде Жаңа жылды Лондонда отбасымен қарсы алды. 3 қаңтар күні оның аяғына ота жасалып, ол сәтті өтті. Бірақ президентте коронавирустың симптомдары байқалды және сынағы оң нәтиже көрсетті, – деді агенттік дереккөзі.
Саркисян қазіргі кезде оқшауланып, жұмысын уақытша қашықтан жалғастыруда.