Қазақстандық туынды халықаралық байқауда үздік атанды
Бангладеште өткен Cinemaking International Film Festival халықаралық кинофестивалінде қазақстандық «Қыз бен теңіз» көркем фильмі «Үздік азиялық фильм» номинациясын жеңіп алды. Бұл туралы «Қазақфильм» хабарлады.
Cinemaking International Film Festival халықаралық кинофестивалінің қорытындысы бойынша картина «Үздік азиялық фильм» номинациясын жеңіп алды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, кинофестивальға 50 елден 150-ге жуық картина қатысқан.
Айта кетсек, «Қыз бен теңіз» фильмінің режиссерлері – Әзімжан Заиров пен Мұхаммед Мамырбеков. Көркем туындыны «Қазақфильм» киностудиясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Жаңа әлем» АРДИ видеостудиясымен бірге түсірілді.