Қызылқоғада балабақшаға 1 жастан қабылдауда

Атырау облысына қарасты Қызылқоға ауданындағы «Нұршуақ» бөбекжай – балабақшасы 2014 жылдан бері сәбилерді бір жастан бастап қабылдауда. Бұл туралы Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Нұршуақ» бөбекжай – балабақшасының меңгерушісі Бақытжамал Жұмабаеваның айтуынша, қазіргі таңда балабақшада 80 қызметкер жұмыс жасайды. Оның 36-сы – педагогтар. Сондай-ақ, 250 бала бар. 130 бүлдіршін кезекші топтарда тәрбиеленуде.

– «Нұршуақ» бөбекжай — балабақшасының ерекшелігі – балаларды ерте жастан дамыту. Бір жастан бастап қабылданған бөбектер төрт топта тәрбиеленіп жатыр. Оларға арнаулы мамандар тәлім беруде. Психолог, би жетекшісі бар. Спорттық зал, музыкалық зал және акт залы қызмет көрсетуде, – дейді ол.

Айта кетсек, облыс бойынша 48 бөбекжай-балабақшада 1 жастағы 1 970 сәби бар.