Кеше өңірде 60 адамнан коронавирус анықталған
Атырау облысында өткен тәулікте 60 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 18-і Атырау қаласынан, 37 жұмысшы Теңіз кенішінен, Жылыой – 2, Мақат, Қызылқоға, Құрманғазы ауданындарынан 1 адамнан тіркелген.
Олардың 19-ында ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 32 адам емделіп шықты.
Айта кетсек, қазіргі уақытта 275 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда –106, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 32, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 619 адам ем қабылдауда.