COVID-19: +124; -103
Өңірде өткен тәулікте 103 адам коронавирустан емделіп шықты. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі күні 286 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда 117 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда – 31, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 574 адам ем қабылдауда.
Соңғы мәліметке сәйкес, Атырау облысында кеше 124 адамнаг коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.
Олардың 29-ы Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 86 жұмысшы, Жылыойдан – 3, Қызылқоға, Мақат, Құрманғазыдан 2 адамнан тіркелді.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 16-ында ауру симптомды түрде өтуде.