Пойыздарға қосымша вагондар қосылады
Қазақстанда жаңа жыл кезеңіне қосымша 700-ден астам вагонды іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР ИИДМ хабарлады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда қолданыстағы 156 жұп жолаушылар пойызының 117-сі қатынауда. Шектеулер коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қабылданған шешімдерге байланысты.
Алайда 2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтар аралығындағы жаңа жылдық кезеңде жолаушыларды тасымалдау үшін 704 қосымша вагон тіркемесі қамтамасыз етіледі. Осылайша 30 мыңға жуық жолаушыны қосымша қамту жоспарлануда.
Вагондар келесі бағыттар бойынша пойыздарға қосылады:
1) Нұр-Сұлтан – Алматы, Маңғыстау, Атырау, Сарыағаш, Арқалық, Семей, Петропавл және Павлодар;
2) Алматы – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған және Орал;
3) Павлодар – Пресногорьковская;
4) Қызылорда – Семей;
5) Ақтөбе – Атырау.