Алға ауылында балабақша салынбақ
Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады.
– Қазіргі таңда Алға ауылында 160 орындық балабақша құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Бейбарыс ауылының «Балдырған» балабақшасын күрделі жөндеуге жасақталған құжаттама сараптамадан өтуде. Сонымен бірге, Бейбарыс ауылының А.Байтұрсынов атындағы орта мектебіне 120 орындық жапсарма ғимарат салу жоспарланып отыр, – деп атап өтті Махамбет ауданының әкімі Жәрдемғали Ахметов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Еске сала кетсек, Махамбет ауданында 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100%-ды көрсетеді.