Махамбет ауданында 4 өндірістік  жоба іске қосылды ⠀

Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады.

– Индустрияландыру картасына сай, 125 жұмыс орнын қамтитын 4 жоба іске қосылды. Олар: «Первомайский» ЖШС-ның сүт өндіру зауыты, «Сарайшық АТШ» ЖШС-ның ешкі сүтін өндіру фермасы, «Первомайский» ЖШС-ның биогумус өндіру кешені, «Первомайский» ЖШС-ның сүт өңдеу бойынша фермасын кеңейту жобалары, – деді аудан әкімі Жәрдемғали Ахметов брифингте.

Сондай-ақ, 2021–2022 жылдары 2 ірі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

«Meken Chiken» ЖШС «Бройлерлік құс етін өндіру кешенін салу» мен «Жумагалиева» ШҚ «4 гектар жерге жылыжай» жобалары іске қосылған жағдайда, 119 адам жұмыспен қамтылатындығы айтылды.

Ауданда сауда саттық, қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандыру орындарын қоса алғанда 246 кәсіпкерлік нысан тіркелген.