Жоғалған азамат іздестірілуде
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне 21 желтоқсан сағат 15:55-те жоғалып кеткен азамат туралы хабар түскен.
1960 жылғы азамат Құрманғазы ауданы, Шортанбай ауылынан жұмыстан шығып Көптоғай ауылына бағыт алған екен.
Хабар алғаннан бері Құрманғазы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен, «Шортанбай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, «Көптоғай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ қызметкерлерімен және жергілікті тұрғындармен бірлесіп іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
Жалпы іздеу жұмыстарына 65 адам мен бірнеше автокөлік жұмылдырылды.
Іздестіру жұмыстары жалғасуда.