Аймақта кеше тағы 62 адам КВИ-н жұқтырды
Атырау облысында өткен тәулікте 62 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың 21- і Атырау қаласынан тіркелген болса,Теңіз кенішінен 30 жұмысшыдан, Қызылқоға ауданынан – 3, Индерден – 4, Құрманғазы ауданынан – 3, Исатай ауданынан 1 адамнан анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 17-інде ауру симптомды түрде өтуде.
Сонымен қатар, кеше өңірде КВИ-дан 13 адам емделіп шыққан.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 254 адам үй жағдайында емделуде.
Облыстық инфекциялық стационарда – 84, ал аудандағы инфекциялық стационарда – 16, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 364 адам ем қабылдауда.