Жәрмеңкеде тоннаға жуық ет сатылды
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 желтоқсанда «Сарайшық» коммуналдық базарында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеде 15 шаруа қожалығы мен тауар өндірушілер нарықтағы нақты құнынан төмен бағамен ет, сүт, көкөніс және басқа да өнімдерді ұсынды. Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары 630 келі картоп, 380 келі сәбіз, 400 келі пияз, 130 келі қырыққабат, 900 келі ет сатып алған.