Украинада «Абай үйі» ашылды
2020 жылғы 30 қарашада «Отандастар қоры» КеАҚ мен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ бірлесіп, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, ҚР Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен онлайн-форматта Киев қаласында «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйін салтанатты түрде ашты. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.
Іс-шараға ҚР Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Калетаев, «Отандастар қоры» КеАҚ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, Украинадағы қазақ қауымының өкілдері және т. б. қатысты.
Шара барасында «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесері өтіп, Украинадағы қазақ қоғамдастығының мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
«Отандастар қоры» КеАҚ «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйлерін бұған дейін Омбы, Ташкент, Стамбул және Берлин қалаларында ашты.