Шетелден келген азаматтардан КВИ анықтылды
25 қараша Қазақстан аумағына РФ, Түркия, Египет, Корея, БАӘ, Нидерланды, Беларусь Республикасы мен Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді.
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 1 026 әуе жолаушысының ішінде 921 адам ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен келсе, 105 адам анықтамасыз келген. Барлығы – ҚР азаматтары.
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына 507 жолаушысы бар 6 рейс келген. Ондағы 431 адамда анықтама болса, 76-сында болмаған. Ал Алматы қаласының әуежайына 420 жолаушысы бар 5 рейс келді. Рейстегі 391 адам анықтамамен, 29-ы – анықтамасыз. Және Атырау қаласының әуежайына 99 жолаушысы бар 1 рейс келді. Олардың барлығында анықтама болған.
Анықтамасыз Қазақстан азаматтарын келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тест алды. Нәтижесінде екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.