Мас күйде көлік жүргізген әйел 15 тәулікке қамалды

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 24 қараша сағат 07:30 шамасында «Toyota Camry» автокөлігі Нурсая ықшамауданы №110 үйдің жанында тоқтатылған.
Тексеру барысында 1989 жылғы жүргізуші әйелдің автокөлікті мас күйінде басқарғаны анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлімі «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, масаң күйде басқаруы» бойынша әкімшілік хаттама жасақталды.
Сот қаулысымен азаматша 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.