Жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін 5 715 рет бұзған
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан Атырау қаласында патрульдік полиция қызметкерлері 5 715 жаяу жүргіншіні әкімшілік жауапкершілікке тартып, олардың әрқайсысына 8 334 теңге көлемінде айыппұл салған.
16 қараша күні сағат 19:30 шамасында 56 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Daewoo қоғамдық көлігі С.Датұлы көшесі бойында орналасқан «Sinoil» жанармай бекеті тұсында жолдың тыйым салынған бөлігінен өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетіп, салдарынан зардап шегуші ауруханада көз жұмды.
Көлікке қағылған 25 жаяу жүргіншінің 15-і – белгіленбеген жерден өткендер.