«Сарайшық» журналы жарыққа шықты

Бұл туралы «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Ысқақ Егембердеев өзінің әлеуметтік парақшасында хабарлады.

Жаңа басылым әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта болмақ.

– Шынын айту керек, бұған облыс әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетовтың өзі бастамашы болды. Ұлт руханиятын толықтыру мақсатындағы әкімнің мұндай идеясын оқырман да, зиялы қауым да жақсы қабылдайтынына сөз жоқ. Себебі, 130 беттен тұратын, айына 1 рет шыққан мұндай түрлі-түсті басылым бұрын-соңды облыста болмаған, – дейді ол хабарламасында.
«Атырау-Ақпарат» ЖШС басшысы Атырауға іссапар барысында алтын уақыттарын бөліп, журналдың тұсаукесер рәсіміне қатысқан Асанәлі Әшімов бастаған зиялы қауым өкілдері Алтынбек Қоразбаев, Ғалым Жайлыбай, Жанарбек Әшімжан, Светқали Нұржанов, Бауыржан Халиолла, Дәулеткерей Кәпұлына, сондай-ақ, «Сарайшықтың» жарық көруіне жұмыла кіріскен холдинг ұжымы мен шығармашылық топқа алғысын білдірді.