Атырауда 19 адамнан коронавирус анықталды
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде өткен тәулікте 19 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталған.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 14-і – Атырау қаласынан, екеуі – Жылыой ауданынан, үшеуі – Теңіз кенішінен.
Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың бесеуінде ауру симптомды, қалғанында симптомсыз түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше үй жағдайында ем алып жатқан 15 адам covid-19 инфекциясынан жазылып шықты.