Кеше өңірде 17 адам коронавирус жұқтырды
Облыста өткен тәулікте 17 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Олардың 14-і – Атырау қаласынан, екеуі – Құрманғазы ауданынан, біреуі – Махамбет ауданынан.
Науқастардың алтауында – ауру симптомды, қалғанында симптомсыз түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше ем алып жатқан 19 адам covid-19 инфекциясынан жазылып шықты.
Бүгінде 103 адам үй жағдайында емделіп жатырса, облыстық инфекциялық стационарда – 28, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 32 науқас ем қабылдауда.