4 100-ден астам адам қатерлі ісікке шалдыққан
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың мәліметінше, Атырау облысында онкологиялық ауруға шалдыққандар саны – 4 100-ден астам.
– Оның үш мыңнан астамы емдеуден өтті. Ауруға қарсы күрес ұймдастыру бағытында қазір рентген аппараттары, цифрлық момографтар, КТ-аппараттары, МРТ-аппараттары бір жүйеге қосылды. Бұл жүйе онкологиялық ауруды ерте сатыда анықтап, науқасты дер уақытында емдеуге мүкіндік береді, – деді өңір басшысы.