Еуропада ерекше наубайхана іске қосылды
Францияда күн энергиясын қолданып, нан пісіріле бастады. Бұл туралы Спутник Қазақстан хабарлады.
Осы бастаманы бастаған француз Арно Крето деген азамат. Ол өзін инженер-наубайшы деп атайды.
Ең таза энергия – күн энергиясы ерекше өндірістің басты көзі. Арно өзінің ісін бастау үшін он жыл бойы әлемдегі энергетикалық жобаларды зерттеп, күн концентраторын жасап шығарған. Инженер мұны NeoLoco деп атады.
Наубайхана айналар жүйесі ретінде жасалған. Олар күннің жылуын жинап, тұмшапешке бағыттайды. Пеш аптасына 140 келі нан піседі. Арно нанды жергілікті дүкендерде сатады.