Карантин талабын 8-ші рет бұзып жұмысын жалғастырған
Атырау полицейлері мобильдік топ құрамында карантин режимін бірнеше рет бұзған мейрамханалар мен караоке клубтарды анықтады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Карантин талаптарын үшінші мәрте бұзып отырған «Китайка» мейрамханасының ішінде 20-ға жуық адам, ал «Баку» мейрамханасында 15-тен астам адам болған.
Сондай-ақ, мобильді топ барғанда «Рыба моей мечты» караоке клубына 70-ке жуық адам жиналған екен. Аталған караоке клубы карантин режимі басталғалы осымен 8-ші рет шектеулер мен талаптарды бұзып отыр.
Тыйымға қарамастан сағат 22:00-ден кейін жұмысын жалғастырған екі мейрамхана мен караоке клуб әкімшіліктеріне қатысты құжаттар Атырау қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.