Электр бағандарын соғып ізін суытқан жүргізуші ұсталды

3 қараша сағат 08:30 шамасында Полиция басқармасының Жедел басқару орталығы кезекшісінен Атырау-Астрахан тас жолындағы
электр бағандарына белгісіз автокөлік соқтығысып, оқиға орнынан ізін жасырғаны туралы хабарлама түскен. Патрульдік полиция қызметкерлерімен іздестіру шарасы ұйымдастырылып, «Сергек» бейнекамерасымен белгісіз көлік анықталды.
3 қараша сағат 00:15 шамасында «ЗИЛ АБД» көлігінің жүргізушісі «Атырау кабель» мекемесі тұсында, жол қауіпсіздігін қадағаламау салдарынан басқару жүйесін иегере алмай, жол жиегіндегі екі электр бағанын соққан.
Оқиға орнынан бой тасалап кеткен 1979 жылғы көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі және 611-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.