Елде коронавирус жұқтырғандар саны бір аптада 3 есеге артты
Қазақстанда бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны үш есеге өскен. Бұл туралы Primeminister.kz хабарлады.
Бұл туралы 2 қарашада премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысында айтылды.
– 5 – 18 қазан аралығында елімізде вирус жұқтырған 1 272 адам анықталды, 19 қазан мен 1 қараша аралығында – 3 352 адам. Тәулігіне 442 адам ауырып қалды. Өсу қарқыны 0,4 пайыз, репродуктивтілік көрсеткіші – 1,4. Инфекциялық төсек орындары 22 пайызға, реанимациялық орындар 18 пайызға жүктелген, – делінген хабарламада.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 113 309-ға жетті.