Пробация есебінде түрған көпбалалы анаға үй алып берді

Атырау қалалық пробация қызметі «Харекет» қайырымдылық қорымен бірге өздерінің есебінде тұрған сотталған көпбалалы әйелге төрт бөлмелі үй алып берді. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.
Көптен күткен қоныс кілтін облыстық пробация қызметінің бастығы Нұрлан Қаболов табыстады.
Пробация қызметінің мәліметінше, 35 жасар алты баласы бар жалғызбасты әйел ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотталған. Сондай-ақ, ІІІ топ мүгедегі ретінде есепте тұр.
– Әр адам қателік жасайды. Бірақ жасаған қателіктеріне қарамай, біз оларға қол ұшын созуымыз керек. Осы азаматшаның кәмелетке толмаған балаларымен қиын жағдайда өмір сүріп жатқанын көріп, біз қайырымдылық қорларымен байланысқанбыз. «Харекет» қайырымдылық қоры еріктілерінің көмегімен төрт бөлмелі үй алдық. Осы игі іске қолдау көрсеткен барша мейірімді жандарға алғысымыз шексіз, – дейді пробация қызметінің инспекторы Жарқынай Бақтиярова.