Атырау–Астрахан тасжолында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде
Атырау облысындағы Атырау–Астрахан тасжолының қалған 217 шақырымында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Реконструкция жұмыстары биыл басталып, қазір 616–833 шақырымындағы учаскеде іске асуда. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Қайта жаңарту Атырау қаласының шекарасынан Құрманғазы ауданындағы Ганюшкин ауылына дейінгі аумақта жүргізілуде. Жоба 4 участкеге бөлінген. Жолшылар жер төсемін салу, жасанды құрылымдар мен негіздің төменгі қабатын орнату бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Жобаның мердігерлері – «Лянкяран Йол Тикинти» ААҚ, «Todini Construzioni Generali S.p.A», Ant Insaat Maden Sanayi A.S. және «Сине Мидас Строй» БК» ЖШС. Құрылыс Еуропа қайта құру және даму банкінің қаражаты есебінен жүргізілуде. Техникалық бақылауды «Renardet S.A» бірлескен кәсіпорны & Aarvee Associates Architects Engineers & Consultants Pvt. Ltd» & «ZS Engineering» ЖШС жүзеге асыруда.
Жоба бойынша 217 шақырым учаскеде 8 өтпежол салынып, 63 су жүргізу құбыры орнатылмақ. Атырау–Астрахан тасжолының 616-833 шақырымындағы аумақты реконструкциялау 2023 жылы аяқталады.
Айта кетсек, Астраханнан Атырауға дейінгі жолдың ұзындығы – 277 шақырым. Былтыр құрылыс жұмыстары соның алғашқы 60 шақырымында басталған еді. Ондағы қозғалыс биылғы жылдың соңына дейін ашылады деп күтілуде. 60 шақырымдық учаскедегі қайта жаңарту жұмыстары республикалық бюджеттің қаражатына жүргізілді.