Балаларға арналған бірыңғай тарифті SIM-карта енгізіледі
Елімізде балаларға арналған бірыңғай тарифі бар SIM-карта енгізілмек. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мәминнің Сенат депуттарының сауалына берген жауабында айтылған.
– Қазіргі уақытта кибербуллингке қарсы іс-шаралар 2020 – 2023 жылдарға арналған балалар құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицид мәселесін шешу жөніндегі жол картасын іске асыру аясында жүзеге асырылуда. Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму, Ішкі істер министрліктері, жергілікті атқарушы органдар жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділіктің профилактикасы, азаматтардың цифрлық беделін қорғау, әлеуметтік желі мен интернеттегі мониторинг және тосқауыл қою, сондай-ақ, қолайсыз интернет контентке қол жеткізуден балаларды қорғау үшін балаларға арналған бірыңғай тарифі бар SIM-карта енгізу бойынша кешенді шараларды қабылдауда, – деді Асқар Мәмин.